Skip to content

Педагогикалық құрам

Нажмиденов Ардак Берикбаевич

информатика  пәнінің мұғалімі. Білімі жоғары, еңбек өтілі 13 жыл, педагог – сарапшы (2023 жыл). 2022 жылы Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Павлодар облысының білім беру басқармасының Алғыс хатымен марапатталды

2021 жылы «Өрлеу» БАҰО «Информатиканы оқытуда инновациялық білім беру құралдарын қолдану арқылы цифрлық сауаттылықты дамыту» тақырыбында өткен республикалық онлайн конференциясында іс-тәжірибесімен бөлісті. 2022-2023 оқу жылы ІІ аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында, 2023-2024 оқу жылы «Мектепке дейінгі, бастауыш буындар арасындағы сабақтастықты нығайту»  облыстық семинарында іс-тәжірибесімен бөлісті. 2022 жылы «Қазақстан ұстазы» республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналында «Информатика пәнін оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану» мақаласы, «Математика және физика» республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналында «Информатика пәнін оқытуда ойын технологиясын  пайдалану» мақаласы, «Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін  пайдалану» мақалалары жарияланды.

Жаксымбетова Сания Манатовна

жоғары білімді тарих пәнінің мұғалімі. Тарих педагогикалық ғылымдарының магистрі. Еңбек өтілі – 17 жыл

Санаты: педагог-зерттеуші (2020). Павлодар облысының білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен (2017), Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің алғыс хатымен (2020) марапатталды.

 «Ақбота» республикалық зияткерлік олимпиадасы  (2023-2024 жыл) –  5 оқушы І орын, 1 оқушы ІІ орын, 2 оқушы ІІІ орын, республикалық «Тарих ата»  олимпиадасында (2021-2022 оқу жылы)  –  1 оқушы ІІІ орын, республикалық «Тарих ата»  олимпиадасында (2022-2023 оқу жылы)  –  1 оқушы ІІ орын. Облыстық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық конкурстарында 2022-2023 оқу жылы  6-сынып оқушысы Нұрлан Темірлан ІІІ орын, 2023-2024 оқу жылында 7-сынып оқушысы Нұрлан Темірлан ІІІ орын.  Облыстық гуманитарлық олимпиадада 1 оқушы ІІІ орын (2021-2022 оқу жылы), аудандық ғылыми жобалар конкурстарында 2024-2025 оқу жылында  8-сынып оқушысы Нұрлан Темірлан І орын, облыстық ғылыми жобалар конкурсында 3-орын иеленді. 2024 жылы «Y.Altynsarin izbasarlary» республикалық ғылыми-тәжірибелік журналда «Шағын жинақты мектепте зерттеу сабағын енгізу тәжірибесінен» мақаласы, 2024 жылы «Ustaz tnbegi» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Шағын жинақты мектепте зерттеу сабағын енгізу тиімділігі» мақаласы жарияланды. 2021-2022 оқу жылы «Сабақты зерттеу: Май ауданы мектептерінің тәжірибесі» І аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында, 2022-2023 оқу жылы ІІ аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында, 2023-2024 оқу жылы ІІІ аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында іс-тәжірибесімен бөлісті. 2023-2024 оқу жылы «Мектепке дейінгі, бастауыш буындар арасындағы сабақтастықты нығайту»  облыстық семинарында, «Жақсы мектеп үшін жаңа мұғалім» жобасы аясында облыстық вебинарда іс-тәжірибесімен бөлісті.

Кайдарова Айнагуль Ерболовна

жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімі.

Еңбек өтілі: 16 жыл.Санаты: педагог-сарапшы (2024). 2024 жылы Жұмабек Каусар Бастауыш сынып оқушылары арасындағы аудандық математикалық турнирде ІІ орынға иеленіп, Алғыс хатпен  марапатталды.

2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» республикалық конкурсының аудандық кезеңінде Амангелді Ералы  3 – орын иеленді, сонымен қатар Алғыс хатпен марапатталды. 2022-2023 оқу жылы  республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы 5 оқушы 1- орын, 2023-2024 жыл республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы  2 оқушы 2 – орын иеленді. 2022-2023 оқу жылы республикалық «Кенгуру» зияткерлік олимпиадасында  1 оқушы 1- орынға, 2 оқушы 2-орынға ие болды.  Математикадан бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы республикалық «Педстарт» олимпиадасында ІІІ орын иегері (2024).

Сабирова Гульнар Жумагалиевна

ағылшын тілі мұғалімі, тәжірибелі маман. Жоғары білімді. Еңбек өтілі 35 жыл, «педагог-зерттеуші» (2023 жыл). Қазіргі уақытында қоғамдық-гуманитарлық бірлестігінің жетекшісі.

Май ауданының білім саласына қосқан үлесі үшін Май ауданының білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

2015 жылы 11-сынып оқушысы Уалиева Айгерим ҰБТ-ден 25 ұпайдан 25 ұпай алды. 2019 жылы оқушысы Сулейменов Едиль «IQanat» олимпиадасының ағылшын тілі пәнінен І кезеңінің жеңімпазы атанып, ІІ кезеңіне қатысты. 2020 жылы 9-сынып оқушысы Миржакупов Азамат ағылшын тілінен облыстық пәндер олимпиадасының қатысушысы.

Педагог жетістіктері: 2019 жылы 24 қазан күні Нұрсұлтан қаласында өткен «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» тақырыбында ХІ-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қатысушысы. 2021-2022 оқу жылы «Педагогикалық шеберлік орталығының» Павлодар қ. филиалының Алғыс хатымен марапатталды. 2021-2022 оқу жылы «Сабақты зерттеу: Май ауданы мектептерінің тәжірибесі» І аймақтық ғылыми –практикалық конференциясында іс-тәжірибесімен бөлісті, 2022 жылы «10 -11 сыныптар үшін оқу бағдарламасының күрделі тақырыптарын меңгеру аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» атты педагогтердің біліктілігін арттыру курс аясында «Application of innovative technology at English lessons» тақырыбында  өз іс-тәжірибесімен бөлісті. 2022 жылы «Сабақты зерттеу: казақстандық мектептердің тәжірибесі» атты облыстық ғылыми –практикалық конференциясында іс-тәжірибесімен бөлісіп, жинаққа «Сабақты зерттеу: мектептің тәжірибиесіне енгізу» тақырыбында баяндамасы енді. 2022-2023 оқу жылы «Мектепке дейінгі, бастауыш буындар арасындағы сабақтастықты нығайту» облыстық семинарда іс-тәжірибиесімен бөлісті.

2023 жылы 9-сынып оқушысы Озеруга Сергей аудандық пәндер олимпиадасында ІІІ орын иеленді. 2024 жылы 6-сынып оқушысы Муратбаева Сезім     5 – 6 оқушыларына арналған олимпиадада ІІ орынға ие болды.

Кисамиденова Гульмира Каскырбаевна

орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Білім жоғары, еңбек өтілі 33 жыл. Санаты педагог-зерттеуші (2022)

Республикалық «Педстарт» олимпиадасының 1 және 3 орын иегері (2023-2024 оқу жылы). 2023-2024  оқу жылы  республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасында 1- орын  – 12  оқушы , 2 – орын 7 оқушы, 3-орын 5 оқушы иеленді.  2024-2025 оқу жылы 7-сынып оқушысы Қазболат Томирис 7-8 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың аудандық кезеңінде 3 орынға ие болды.

Курмашева Майра Жумагалиевна

Математика пәнінің мұғалімі. Білімі жоғары, еңбек өтілі 29 жыл, педагог – зерттеуші (2023 жыл), жаратылыстану пәндер бірлестігінің жетекшісі.

Май ауданының білім саласына қосқан үлесі үшін Май ауданының әкімінің  Құрмет грамотасымен марапатталған. Оқушылары 2022 – 2023 оқу жылы республикалық «Кенгуру» ойын – конкурсында: І орын – 5 оқушы, ІІІ орын – 1 оқушы, республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасында ІІІ орын – 6 оқушы, аудандық ғылыми зерттеу жобалар конкурсында ІІ  орын – 1 оқушы;  2023 – 2024 оқу жылы республикалық «Кенгуру» ойын – конкурсында: І орын – 6 оқушы, ІІ орын – 1 оқушы, ІІІ орын – 2 оқушы, облыстық «Жас кемеңгер» рейтинг олимпиадасында ІІІ орын – 1 оқушы,  облыстық кіші Сәтбаев олимпиадасында ІІІ орын – 2 оқушы, аудандық ғылыми зерттеу жобалар конкурсында ІІІ орын – 1 оқушы, аудандық 5 – 6 оқушыларына арналған олимпиадада ІІ орын – 1 оқушы; 2024 – 2025 оқу жылы аудандық 5 – 6 оқушыларына арналған олимпиадада ІІІ орын – 1 оқушы, 7 – 8 оқушыларына арналған олимпиадада ІІ орын – 1 оқушы жеңімпаз атанды.

Омаров Балгабай Сатыбалдинович

Биология  пәнінің мұғалімі. Білімі жоғары, еңбек өтілі 32 жыл, педагог – зерттеуші (2020 жыл). 2017 жылы Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін

Павлодар облысының білім беру басқармасының Алғыс хатымен, 2018 жылы Май ауданының білім беру өркендеуі жолында  адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге  қосқан ерен еңбегі үшін Май ауданының білім беру бөлімінің  Құрмет грамотасымен марапатталды.  2023-2024 оқу жылы оқушы аудандық пән олимпиадасында биология пәнінен ІІІ орын иеленді.  2024 – 2025 оқу жылы  7 – 8 оқушыларына арналған олимпиадада 1 оқушы ІІІ орын иеленді. 9-сынып оқушысы Иманғали Азат республикалық ауыл олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысушы.

Шонова Гульнара Кабдрашевна

жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі 26 жыл. Санаты: педагог-сарапшы (2024). 2022-2023 оқу жылы республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасында  1 оқушы  І орынға, 2023-2024 оқу жылы  2 – орын – 3 оқушы, 3-орынға 1 оқушы ие болды.

2022-2023 оқу жылы бастауыш сынып оқушылары арасында аудандық математикалық турнирде Мейрамбек Раян ІІІ орынға, 2023-2024 оқу жылы ІІ орынға ие болды.  2023-2024 оқу жылы республикалық «Кенгуру» интеллектуалдық байқауында   1- орын – 4 оқушы ие болды. 2023-2024 оқу жылы 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» республикалық конкурсының аудандық кезеңінде 2 оқушы 3-орын иеленді. Математикадан бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы республикалық «Педстарт» олимпиадасында ІІ орын, қазақ тілі пәнінен ІІ орын иеленді (2024).

Зилькенов Саниял Оразбаевич

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Білімі жоғары, филология (қазақ) ғылымдарының  магистрі.

Еңбек өтілі 25 жыл, санаты – педагог-зерттеуші (2023). 2021 жылы Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен, 2021 жылы «Тәуелсіздікке 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2024-2025 оқу жылы 8-сынып оқушысы Жамсап Әдия аудандық Абай оқуларында ІІІ орын иеленді.

Амиза Айгуль

бастауыш сынып  мұғалімі, жоғары білімді. Еңбек өтілі 17 жыл. Санаты: педагог-зерттеуші (2020). 2023-2024 оқу жылы республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасында 1- орын  – 7  оқушы…

2 – орын 1 оқушы,  республикалық  «Кенгуру» ойын конкурсында 1- орын -1 оқушы, 2- орын – 6 оқушы иеленді. 2024-2025 оқу жылы республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасында  1 – орынға – 5 оқушы ие болды. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жеңімпазы (2024), математикадан бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы республикалық «Педстарт» олимпиадасында ІІІ орын иегері (2024).

Оразбаева Маржан Данияловна

жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі 15 жыл. Санаты: педагог-сарапшы (2023).

2023-2024 оқу жылы  республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы 1 -орын -1 оқушы, 2024-2025 оқу жылы  1- орын – 4 оқушы,  2- орын-  1оқушы,  3- орын – 3 оқушы иеленді. 2024-2025 оқу жылы 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» республикалық конкурсының аудандық кезеңінде 2 оқушы 2-орын иеленді.

Нурымова Нурай Бауыржановна

мектепалды даярлық тәрбиешісі.Білімі жоғары, санаты – педагог-модератор (2021) . Еңбек өтілі 3 жыл.  

Жетістіктері:

 «Мектепке дейінгі, бастауыш буындар арасындағы сабақтастықты нығайту» тақырыбындағы облыстық семинарда тәжірибесімен бөліскені үшін (сертификат). Жидебай Кәкенұлы Арықбаев атындағы аудандық «Жас маман» 2022 конкурсының III орын иегері. Bilim kids «Үздік жаңашыл тәрбиеші» байқауы (сертификат). Жас мұғалімдерге арналған  «Жастар – елдің үміті» олимпиадасы (сертификат). Жидебай Кәкенұлы Арықбаев атындағы аудандық «Жас маман» 2023 конкурсының II орын иегері. «Менің білім берудегі инновациям» облыстық конкурсының III орын иегері. Облыстық «Бүлдіршін-2024» балалар шығармашылығы фестивалінде (сертификат). 2023-2024 оқу жылындағы көрсеткен үздік нәтиже үшін диплом.

Даярлық тобының тәрбиеленушісі  Мейрамбек Айша «Шебер қолдар» суреттер мен қолдан жасалған бұйымдардың аудандық сайысында 1 бағыт бойынша  III орын. Даярлық тобының тәрбиеленушісі Берикбаев Алинур «Шебер қолдар» суреттер мен қолдан жасалған бұйымдардың аудандық сайысында 2 бағыт бойынша III орын. Мейрамбек Айша «Шебер қолдар» суреттер мен қолдан жасалған бұйымдардың аудандық сайысында 2 бағыт бойынша «Өнерпаз балақай!» номинациясы. Аудандық «Жауқазын» олимпиадасында Серікбай Кәусар «Ойшыл балдырған» номинациясы. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Тәуелсіздік-тұғырым» балалардың аудандық мәнерлеп оқу байқауында «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы Амангелді Ералы. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген аудандық «Тәуелсіздік-тұғырым» мәнерлеп оқу байқауында II орын иегері Бейімбет Шынар.

Даярлық тобының тәрбиеленушісі  Бейімбет Шынар «Шебер қолдар» суреттер мен қолдан жасалған бұйымдардың аудандық сайысында 1 бағыт бойынша  I орын. Даярлық тобының тәрбиеленушісі  Канатова Айдана «Шебер қолдар» суреттер мен қолдан жасалған бұйымдардың аудандық сайысында 2 бағыт бойынша  III орын. Даярлық тобының тәрбиеленушісі  Берикбаева Медина «Шебер қолдар» суреттер мен қолдан жасалған бұйымдардың аудандық сайысында 2 бағыт бойынша  III орын. Даярлық тобының тәрбиеленушісі аудандық «Әже, ана және мен» сайысында III орын иегері Канатова Айдана. Аудандық «Жауқазын» олимпиадасында Бейімбет Шынар «Ойшыл балдырған» номинациясы. Облыстық «Бүлдіршін-2024» балалар шығармашылығы фестивалінде Бейімбет Шынар I орын иеленді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген аудандық «Тәуелсіздік-тұғырым» мәнерлеп оқу байқауында II орын иегері Боран Аяла.

Серикбаева Гульмира Касенгалиевна

аға тәлімгер. Білімі: жоғары .Еңбек өтілі  17 жыл. Санаты – педагог-  сарапшы (2023). 2019-2020 оқу жылы Облыстық «Жыл тәлімгері» байқауының «Баға жетпес тәжірибе» бойынша І дәрежелі домломмен арнайы кубогын иеленді

2019-2020 оқу жылы Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. 2021-2022 оқу жылы  «Re-Start» республикалық  жобасы аясында  кибербуллинг, лудомания, интернет – тәуелділіктің  алдын алу бойынша «Бейресми топтағы» белсенділігі үшін  АЛҒЫС ХАТПЕН және арнайы сыйлықтармен  марапатталды. 2022-2023  оқу жылы Түркістан қаласы, Диалог керуені: Қазақстанның жергілікті өзін – өзі басқару органдарының саясаткерлердің жинынына катыскан үшін сертификатпен марапатталды.  2022-2023 оқу жылы «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубтарының облыстық слетіне қатысқан үшін алғыс хатпен марапатталды. 2022-2023 оқу жылы  «Біз және заң» құқықтық білім беру бойынша шығармашылық жұмыстардың облыстық сайысының І дәрежелі дипломмен  марапатталды. 2023-2024 оқу жылы «Тәрбие жұмысының өзекті мәселелері» аудандық семинарында іс тәжірибесімен бөлісті.

2023-2024 оқу жылы Аға тәлімгерлерге арналған облыстық семинарда «Балалар қоғамдық бірлестіктерінде еріктілер қозғалысын дамыту» тақырыбы бойынша тәжірибесімен бөлісіп,  сертификат алды. 2024-2025оқу жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: құндылықтар және  оны іске асыру жолдары» тақырыбында облыстық семинарда тәжірибесімен бөліскені үшін сертификат алды.

2023-2024 оқу жылы  «Жас қозғалысының жас инспекторлары» аудандық конкурсының «Велосипедті мәнерлеп жүргізу» конкурсы бойынша ІІІ орын, «Жас санитар» конкурсы бойынша ІІ орын, «Жас реттеуші» ІІ орын иеленді.