Қазан жалпы орта білім беру мектебінің тарихы.
Жан жемісі ең алдымен оқу, білім, тәрбие десең, сол жемісті берер мәуелі ағашымыз – мектеп. Осындай тарихи тамыры терең мектептердің бірі – Қазан орта мектебі. Қазан ауылында бұл оқу орны 1956 жылы Қазақстан мектебінің филиалы ретінде «Сарғамыс» бастауыш мектебі ретінде ашылды. Онда 1-3 біріктірілген сыныптан тұратын 1 сынып-комплект болып, Қырғызстаннан келген Зинаида Павловна есімді бір мұғалім қызмет атқарды. Чайка Надежда Дмитриевна 1957-1958 оқу жылы комсомол жолдамасымен келіп, алғашқы директоры болды. Мектепте екі мұғалім ғана жұмыс жасады: Балыбина К.С., Шевчук В.Д. Мектеп Абай көшесі №4 мекен-жайы бойынша жер үйде орналасты. Жылдар өткен сайын «Сарғамыс» мектебі кеңейтіліп, өсе түсті.
1958-1959 оқу жылы Главач Клавдия Семеновна бастауыш сынып мұғалімі болып қызметін атқара бастады. Осы жылы Абай мектебінен бастауыш сынып мұғалімі Шевчук Валентина Дмитриевна келді. 1958-1959 оқу жылы 4-ші және 5-ші сыныптар ашылды. 5-сыныпта 12 оқушы болып, барлық пәндерді Главач Клавдия Семеновна жүргізді. 1-4 сыныптарда Чайка Надежда Дмитриевна және Шевчук Валентина Дмитриевна сабақ берді. Сабақтар алаңда палаткада өткізілді. Сол жылы кішкентай бастауыш мектеп құрылысы аяқталып, оқу процесі сонда жалғасты.
1960-1975 жылдары Қазан 8-жылдық мектебі аталынып, 1976 жылдан бастап Қазан орта мектебіне айналды. 6-cынып оқушылары Қазақстан сегізжылдық мектебінде оқытылды. 1960-1961 оқу жылы мектебімізге Бородулина Нина Ивановна, Ильина Антонина Леонтьевна, Пугач Иван Кузьмич келді. Пәндер бойынша сабақтар жүргізіле басталды. Гришаева Валентина Николаевна бірінші аға тәлімгер болды. 1961-1962 оқу жылы Дмитриенко Евдокия Ивановна география сабақтарын, оның жолдасы Иван Семенович математика сабақтарын бере бастады. 1-сыныпта сабақтарды Гордиенко Ольга Ивановна жүргізді. Завуч болып Бучина Тамара Васильевна тағайындалды.
1963-1964 оқу жылы Қазан орта мектебі жаңа ғимаратқа көшірілді. Дене шынықтыру сабақтарын Коробко Лидия Михайловна жүргізді. 1971-1972 оқу жылы мектеп директоры Сыздықов Алимгазы Сағадиевичті Май СПТУ-ға директор болып ауыстырды. Мектеп директоры болып Мурзатаев Канат Бекенович тағайындалды. Сол жылдары дене шынықтыру сабақтарында 2 спорттық форма енгізілді. Мектепке Маркелов Александр Федорович, Никитина Надежда Дмитриевна, Фролов Виктор Федорович келді. Мектеп завучы болып Гордиенко О.И болды. 1964-1965 оқу жылы завуч болып Никитина Надежда Дмитриевна жұмыс атқарды. 1962-1963 оқу жылы химия және биология сабақтарын Нуриля Машеновна, география сабақтарын Обухова Татьяна Владимировна, математика сабақтарын Антонина Леонтьевна, Александр Федорович орыс тілі мен әдебиетін Бородулина Нина Ивановна жүргізді. Бастауыш сыныптарда сабақтарды Главач Клавдия Семеновна, Гордиенко О.И., Целищева Полина Григорьевна, Корнеева Людмила Григорьевна, Кузнецова Римма Наумовна жүргізді. 1966-1967 оқу жылы мектеп директоры болып Казиханов Қуандық Казиханович тағайындалды. 1968-1969 оқу жылы Казиханов К.К «Спутник» совхозына парторг болып ауысып, Сыздықов Алимгазы Сағадиевич мектеп директоры болды. Мектеп сол жылдары спорт жағынан аудан, облыс бойынша бірінші орындарда. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Фролов Виктор Федорович оқушылармен әр түрлі секциялар өткізді. Әсіресе стол теннисінен мектеп оқушылары облыс, республикалық сайыстарда жеңімпаз атанып, Балыбина Татьяна Минск қаласында бүкілодақтық сайысына қатысты. 1970-1971 оқу жылы Никитина Надежда Дмитриевна аудандық райком партиясына үшінші секретарь болып ауысты. Мектеп оқу меңгерушісі Целищева Полина Григорьевна, ұйымдастыру меңгерушісі Коробко Лидия Михайловна болды. 1974-1975 оөу жылдары мектеп директоры болып Сыздыкбаев Социал Сыздықбаевич тағайындалды. Аға тәлімгері болып Утегенова Г.В, бір жылдан кейін Долгова Наталья Павловна және Гаврилова Елена Петровна жұмыс атқарды. 1976-1977 оқу жылы мектепте оқу меңгерушісі Бородулина Нина Ивановна болды.
1978-1979 оқу жылы мектеп директоры Сулейменова Елемес Мукатовна мектеп өмірінде кабинет жүйесін енгізді.
1989 жылы жаңа мектеп ғимараты салынды. 2009 жылы мектеп ауласына хоккей корды салынды. 1982-1987 жылдары Альпаев Шәкәрім Альпайұлы, 1987-2015 жылдары мектеп директоры Кисамиденова Назигуль Каскырбаевна, 2015-2023 жылдары Сабирова Гульнар Жумагалиевна мектеп басқарды. 2019 жылы мектеп жанындағы шағын орталық жеке ғимаратқа көшірілді.
Түлектеріміздің арасында 1984 жылы Жунусова Сәуле Қапанқызы алтын медаль мен үздік аттестатқа, 1990 жылы Жунусова Гульмира Қапанқызы күміс медальге ие болды. 2022 жылы Нажмиденова Ания Солтанбаевна «Алтын белгі» иегері атанса, 2023 жылы Мейрамбек Жәния Шаймерденқызы «Алтын белгі» иегері атанып, Калайбекова Дария Рысбековна және Шакен Арсен Қайратұлы «Үздік аттестат» иегерлері болды.
Мектеп түлектеріміздің арасында Кажкенов Мейрам Зекешұлы – экономика ғылымының кандидаты.
Мектеп директорлары
Чайка Надежда Дмитриевна – 1956-1958 жж.
Пугач Иван Кузьмич – 1958-1960 жж.
Дмитриенко Евдокия Ивановна – 1960-1963 жж.
Маркелов Александр Федорович – 1963-1966 жж.
Казиханов Қуандық Казиханович – 1966-1970 жж.
Сыздықов Алимгазы Сағадиевич – 1970-1972 жж.
Мурзатаев Канат Бекенович – 1972-1975 жж.
Сыздыкбаев Социал Сыздықбаевич – 1975-1978 жж.
Сулейменова Елемес Мукатовна – 1978-1982 жж.
Альпаев Шәкәрім Шілдебайұлы – 1982-1987 жж.
Кисамиденова Назигуль Каскырбаевна – 1987 -2015 жж.
Сабирова Гульнар Жумагалиевна – 2015-2023 жж.
Нажмиденов Ардак Берикбаевич – 2023 жылдап бастап қазіргі уақытқа дейін мектеп директорының міндетін атқарушы.