Skip to content

“МЕКТЕП АРУЫ  -2025”

4 наурыз күні мектебімізде “”Біртұтас тәрбие бағдарламасы ” аясында 5-9 сынып оқушылары арасында “Мектеп аруы-2025” байкауы өткізілді.

Максаты:Кыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт – дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

Байкауға  5 сыныбынан Берикбаева Айару, 6 сыныбынан Кабиева  Айым, 7  сыныбынан

Қазболат Томирис, 8 сыныбынан Оралтай Акжан, 9  сыныбынан Озеруга Любовь катысты. Байкау шарттарына токталсак, 1.“Мен қазақтың кызымын” өздерін таныстыру 2.“Қыздар сұлу көрінер өнерімен” – өз өнерін көрсету. З. “Зерделінің ойы озық…”- сұрактар викторинасы 4. “Сән мен сымбат әлемі”- ұлттық киім үлгісін көрсету.

Байқау қорытындысы бойынша “Мектеп аруы-2025″ Берикбаева Айару атанса, 1 орын Оралтай Акжан, 2 орын Кабиева Айым, Казболат Томирис, 3 орын Озеруга Любовь табысталды. Катысушыларга арнайы диплом мен сыйлықтар  табысталды. Байкауымызға қатысқан аруларымызды шын жүректен құттықтаймыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *