Skip to content

«Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» жаратылыстану пәндер апталығы

Оқушылардың танымдық қабілетін, зейінін, пәнге деген ынтасы мен қызығушылығын және ұқыптылығын дамыту мектептегі жаратылыстану пәндерді оқытудың ең негізгі міндеттері болып табылады. Қаңтардың 20 – ші жұлдызынан 30 – ші жұлдызына дейін «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» жаратылыстану пәндер апталығы өткізілді. Әрбір мұғалім белгіленген жоспарға сәйкес өз пәнінен ашық сабақ және сыныптан тыс іс – шара өткізді. 20 – ші қаңтарда апталықтың ашылуында мектеп оқушылары апталықтың жоспарымен таныстырылды. Апталықтың ашылуында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Шакиров Марат Амангельдинович «Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы» көрмесінде ағаштан  ойылып  көмкерілген  ыдыс-аяқтар  және  музыкалық аспаптар, жануарлардың сүйектерінен және мүйіздерінен жасалған туындыларын ұсынып, жасалу технологияларымен таныстырды. Биология пәнінен пән мұғалімі Омаров Балғабай Сатыбалдинович 8 сыныпта «Адам қаңқасының құрылысы. Тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі.» тақырыбына ашық сабақ берді. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Жаңа сабақ интербелсенді тақтада өткізілді. Математика пәнінің мұғалімі Курмашева Майра Жумагалиевна 5 – сыныппен математика пәнінен «Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру.» тақырыбына бекіту сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылармен түрлі деңгейдегі есептер шығарды, «Kahoot» платформасында тест орындап, QR код арқылы «Padlet» платформасы кіріп, сабақ бойынша кері байланыс жазды. Дене шынықтыру пәнінен Кабиев Исламбек Тулеубекович 8 сыныпта «Арнаулы дамыту жаттығуларының техникасын дамыту. Динамикалық жаттығулар арқылы шыдамдылықты анықтау.» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар қатардағы, жүрістегі, жалпы дамыту және жетілдіру жаттығуларын орындатып, «Снайперлер» ойынында өздерінің мергендіктерін көрсете білді. Спортқа қызығушылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абильдаев Ануарбек Асилкадирович 1 – 5 сыныптар арасында эстафеталық жарыс өткізді. 21 оқушы 3 топқа бөлініп жарысты. Эстафетаға қатыса отырып, балалар өздерін нағыз ұжым ретінде сезінді, әр топтың жеңіске деген ұмтылыс пен жігерді көрсетті.  Сонымен  қатар  Абильдаев  Ануарбек  Асилкадирович  2  сыныпта

«Гимнастикалық жаттығулар.» тақырыбында ашық сабағын жеткілікті жоғары деңгейде өткізді. Оқушылар гимнастикалық орындықта, гимнастикалық қабырғада, маталарда түрлі көптеген жаттығулар жасады. Сабаққа оқушылар қызығушылықпен қатысты. География пәнінен Камзин Куаныш Серикбаевич 8 сыныпта «Халық саны.» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар бейнеролик көріп, сұрақтарға жауап берді. Дүниежүзі және Қазақстанның карталарын пайдаланып салыстырды және қорытынды жасады. Рефлексияны

«Жапондық  бағалау»  әдісі  арқылы  жүргізді.  Яғни  «Дұрыс  келісемін»,

«Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында Камзин Куаныш Серикбаевич сөзжұмбақтар сайысын өткізді. Оқушылар география пәнінен қызықты сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтарда дұрыс жауаптарын тапты. Омаров Балғабай Сатыбалдинович және Курмашева Майра Жумагалиевна биология және математика пәндерінен «Квест» жарысын өткізді. Сайысқа 7 – 9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар топқа бөлініп, әр сыныптың оқушылары аралас

 

қатысты. Оқушылар анаграммалар арқылы кабинеттерді тауып, онда жасырылған схема арқылы бір жерге жиналып, математика, биологияға пәндерінен логикалық сұрақтарға, тіршілік иелеріне байланысты түрлі сауалдарға жауап берді. Сайыс жоғары деңгейде өткізілді. Шакиров Марат Амангельдинович көркем еңбек пәнінен 5 сыныпта «Кім жылдам» сайысын өткізді. Сайысқа оқушылар қызығушылықпен қатысты. Химия пәнінен Аймахан Бекзат Бауыржанұлы 8 сыныпта «Сутек және сутекті алу.» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Жаңа сабақ интербелсенді тақтада өткізілді. Мұғалім мен оқушылар демонстрациялық тәжірибелер көрсетіп, реакциялар жүргізді. Сонымен қатар пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, өз бетімен жұмыс жасау шеберліктерін дамыту және ұқыптылықпен тиянақтылыққа тәрбиелеу мақсатында Аймахан Бекзат Бауыржанұлы оқушыларға қызықты химиялық тәжірибелер көрсетті. Тәжірибелер барысында техника қауіпсіздігінің ережелері сақталды. Көрсетілген жұмыстар оқушылардың көңілдерінен шықты. Балалардың музыкалық ырғақты сезінуін, есте сақтауы мен ести білу қабілетін дамыту мақсатында музыка пәнінің мұғалімі Рысбаева Шолпан Рысбаевна оқушыларға «Әуенді тап» сайысын өткізді. Сайыс өте  көңілді  өтті.  31  –  ші  қаңтарда  жаратылыстану  пәндері  бірлестігінің

«Жаратылыстану пәндерімен болашаққа» атты апталықтың салтанатты жабылуы өтті. «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» апталығының қорытындысы бойынша келесі пән мұғалімдері марапатталды: «Ең қызықты сабақ» – Абильдаев Ануарбек Асилкадирович, «Ең үздік мобилограф» – Нурымова Нурай Бауыржановна. Сонымен қатар жаратылыстану – математика бағытындағы пән мұғалімдерінің шешімімен, белсене қатысқан оқушылар мен ең үздік қатысқан 8 сыныпқа мақтау қағаздары мен түрлі сыйлықтар беріп марапатталды. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *