Skip to content

Қыздар тәрбиесі

«ҚЫЗҒАЛДАҚ»қыздар клубы

           Қазан жалпы орта білім беру  беру мектебінің «АҚҚУ» облыстық жобасы аясында «ҚЫЗҒАЛДАҚ»қыздар клубы  5- 9  сынып  оқушылары арасында «Жақсы мінез жан азығы» тақырыбында баяндама, «Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар» қыздарының қатысуымен  дөңгелек үстел  өткізілді.

   Баяндама  барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,мектеп медбибісі, аға тәлімгері  жақсы мінез  қыз тәрбиесі жайында баяндама оқып, жас жеткіншектерге аналық ақыл-кеңес берсе,  мектеп психологы психологиялық тренинг жүргізді.

   Мектепте оқып жүрген қыз бала, ол-үйдегі ата-ананың көз қуанышы, мектепте ұстаздарының мақтанышы бола білуі тиіс. Тарихымыздың сан түрлі парақтарын ақтарсақ, қазақ қыздары мен қазақ әйелдері туралы, жалпы аналар әлемі туралы қалам тербемеген тұлғалар сирек екен. Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың қазақ қыздарына айтқан өсиет сөздері өте көп. Мәселен, «Адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл адам ең ардақты адам!», «Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!», «Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!» «Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер!», «Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар».

   Дана халқымыз: «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші-ата-ана және қоғам. Сол себепті қыз баласы қашан болмасын тап-таза киініп, шашын таранып, жинақы жүруі керек. Ұлтымыз қазақ деп ұрандағанда, сол ұлттық ұранымыздың ішінде тілі, діні, салт-дәстүрі мен тарихы бірінші ойымызға келеді. Міне, қазақ ұлтын қорғаушы да, қолдаушы да біздің  қыздарымыз. Сондықтан да баланы отбасындағы бесіктен бастап дұрыс тәрбие беріп, түзу жолмен жүргізейік. Уақыт қанша өзгерсе де, қалыптасқан қанымызда бар ибалылық өзгермесін!

 

   Аға тәлімгер: Г. Серикбаева